BMW X5
Мүлтіксіз дизайнның арқасында ағыттама түріндегі өзіне тән күндізгі жүріс шамдары бар динамикалық жарықдиодты фарлар мен жарықтандырылған BMW Iconic Glow радиатор торы жаңа BMW X5 көлігіне қайталанбас әрі таңғалдыратын сырт келбет сыйлайды.
Жаңа "Сұр Графит металлик" лак-бояу жабыны, жетілдірілген ауатарқылар мен 22 дюймдік жеңіл қорытпалы BMW Individual дискілері жаңа BMW X5 көлігінің өзіне тән ерекшелігін айшықтай түседі.
Жаңа жарықдиодты артқы шамдар үш өлшемді дизайны мен "Х"әрпі түріндегі стильді пішінінің арқасында заманауи әрі динамикалық көрінісімен ерекшеленеді. Автокөліктің артқы бөлігінің сипаты "Күміс мұздық" түсіндегі қорғаныс панелімен айшықталады.
BMW Curved Display үлкен майысқан дисплейі жарықты жолақпен бірге көпфункционалды басқару органдарының рөлін орындап, мультимедиялық мүмкіндіктердің кең таңдауын қамтамасыз етеді.
Арқадан белдің тұсын мықтап ұстап тұратын ыңғайлы спорттық орындықтардың арқасында ерекше жайлылыққа қол жеткізіледі. Алдыңғы панель сияқты, олар сәндік тігістері бар жоғары сапалы Sensafin жасанды былғарысынан жасалған.
Беріліс қорабының иінтірегінде, Start/Stop батырмасында және iDrive контроллерінде қолданылатын CraftedClarity таза шыны әрлеуі осы басқару элементтеріне ерекше талғампаз әрі жоғары сапалы сырт келбет сыйлайды.
Орындықтардың, рульдің және шынтақ қойғыштардың жылытылуы жайлы жылулыққа кепілдік береді. Орталық консольде орналасқан термостакан қойғыштар сусыныңызды жылытып немесе керісінше суытып, оңтайлы температурада сақтайды.
Bowers & Wilkins Diamond Surround аудиожүйесі автокөліктің кез келген бұрышында дыбыстан ләззат алу мүмкіндігін беріп, керемет студиялық дыбыс сапасын қамтамасыз етеді.
Жарықдиодты жарықтандыру жүйесі арқылы панорамалы Sky Lounge әйнек төбесі салонның кеңдігін ерекшелеп, салонда, әсіресе қараңғы түскен кезде, керемет атмосфера орнатады.
BMW Live Cockpit Professional құрамына проекциялық дисплей, толықтырылған шынайылық технологиясы қолданылған навигациялық жүйе және көптеген басқа мүмкіндіктер кіреді.
xOffroad пакеті жол талғамайтын 4 режимнің болуының арқасында әртүрлі жағдайға тиімді бейімделуді қамтамасыз етеді.
Тіркемемен көлік жүргізу көмекшісі тіркемемен маневр жасауды жеңілдетеді. Professional көлік жүргізу көмекшісі жалпы қауіпсіздікті арттыру үшін жүргізушіге қосымша қолдау көрсетеді.