BMW X3
BMW радиатор торы Iconic Glow көмескі жарығымен автокөлікке әсіресе тәуліктің қараң мезгілінде бірегей көрініс беріп тұрады. Ақ түсті көмескі жарық статикада да, қозғалыста да оның сұлбасын айшықтап көрсетеді.
19" M Y-spoke 1035 M Bicolour жеңіл қорытпалы дискілері айқын көзге түсетін спорттық стильге ие. Олардың эксклюзивті дизайны күңгірт ортаңғы бөлігімен және ашық түсті ажарланған беттерімен айшықталып көрсетіледі.
Панорамалық әйнек төбе салонды жарыққа толтырады және ашық кеңістік сезімін тудырады, кез келген орындықта отырып еркіндік пен жайлылық атмосферасынан ләззат алуға мүмкіндік береді.
Өз BMW-ңізде бірегей атмосфера қалыптастырыңыз: динамикалық әсерлері бар салонды жарықтандырудың 15 түсінің бірін таңдаңыз да, жарықты кез келген көңіл-күйге сай бейімдеңіз.
Алдыңғы спорттық орындықтар бұрылыстарда тамаша тіреуді қамтамасыз етеді және дене контурларын мінсіз қайталайды. Алуан түрлі баптаулар максималды жайлылықты және көлік жүргізуден ұмытылмас әсерлер алатыныңызды кепілдендіреді.
BMW X3 салонының артқы бөлігі таң қаларлық жайлылық сыйлайды: аяқтарға арналған кеңістік пен премиумдық материалдар жолаушыларға сапардан толыққанды ләззат алуға мүмкіндік береді.
Бейімделетін аспа амортизацияны жол жағдайларына автоматты түрде бейімдейді. Спорттық жүргізу стилін тәуір көресіз бе? SPORT режимінде Сіздің BMW-ңіз көбірек қатаң баптауларды пайдаланатын болады.
Сервотронигі бар бейімделетін рульмен басқару әрбір маневр кезінде максималды дәлдік пен бақылауды қамтамасыз ете отырып, кері байланысты күшейтеді.
BMW Digital Key* цифрлық кілті Сізге үйлесімді мобильді құрылғыларды автокөліктің кілті ретінде қолдануға мүмкіндік береді. Сондай-ақ бұл қолжетімділікті өзге бес пайдаланушымен бөлісуіңізге болады.
*функцияның қолжетімділігі автокөлік моделіне және мобильді құрылғының операциялық жүйесіне байланысты.
Professional жүргізу көмекшісі Сізге автокөлікті 210 км/сағ-қа дейінгі жылдамдықта өз жолағыңызда және қауіпсіз қашықтықта ұстап отыруға көмектеседі. Қажет болса, Сіздің BMW-ңіз толық тоқтауға дейін тежеледі және содан кейін қозғалысты автоматты түрде қайта жалғастырады. Бұл айтарлықтай көмек — әсіресе тығыз қозғалыс жағдайларында.
Professional тұрақ көмекшісі сізге тұраққа қою кезінде тізгінде отырмауға мүмкіндік береді. Ол автокөлікті автоматты түрде тұраққа қояды және тұрақ орнынан шығарып береді. Ол үшін 200 метрге дейінгі қашықтықта маневр жасау және оны жадқа сақтау жеткілікті.