BMW X1
Алдыңғы жағының ортасында орналасқан көлемді және төртбұрышты қос радиатор торы назар аудартады. Қанат жағына қарай созылатын тар бейімделетін жарықдиодты шамдармен үйлесе отырып, жаңа BMW X1 өте күшті көрінеді.
Бүйір жағынан жаңа BMW X1 алдыңғы жағының шығыңқы жерімен және тігінен бағытталған шанақ панельдерінің монолитті келбеті арқасында ерекше динамикалық көрініс береді.
Мөлдір және күңгірттелген әйнектердің үйлесімі, сондай-ақ бүйіріндегі алтыбұрышты өрнегінің арқасында үш өлшемді L-тәрізді артқы шамдар өте заманауи көрінеді.
Сенсорлық және дауыстық басқарумен жабдықталған жіңішке жақтаусыз қисық дисплей назар аудартады және BMW iDrive жүйесімен өзара әрекеттесудің негізгі элементі болып табылады.
Заманауи орталық консоль соңғы буынды басқару элементтерімен және сымсыз зарядтауға арналған орнатылған бөлімшемен жабдықталған.
Жаңа дизайны мен Sensatec қаптамасының арқасында салонның артқы жағындағы орындықтар эксклюзивті контрастты тігісімен жайлылықты ерекше жоғары деңгейін қамтамасыз етеді. Арқалық бөліктері 40:20:40 пропорциясында бүктелуі мүмкін.
Қос ілінісуі бар Steptronic автоматты жеті сатылы беріліс қорабы әсіресе жұмсақ берілісті ауыстыруды және жанармайдың аз шығынымен тамаша қозғалыс жайлылығын қамтамасыз етеді.
BMW xDrive толық жетегі: Күшейтілген іліністен, динамикалық сипаттамалардан және қозғалыс қауіпсіздігінен ләззат алыңыз.
E-Boost жүйесі бар 48V технологиясы BMW үдеуін жақсартады.
Professional жүргізуші көмекшісі қозғалыс жолағын, жылдамдықты және қашықтықты автоматты түрде ұстайды және әртүрлі жағдайларда апат қаупін төмендетеді.
Сізге қиын жағдайларда көмектесе алады: артқы жүріс кезіндегі қозғалыс көмекшісі соңғы 50 метрдегі рульдік бұрылыстарды есте сақтайды және автоматты түрде автокөлікті жасалған жолға сәйкес орнына қайтарады.
Тұраққа қою көмекшісі шектеулі кеңістікте тұраққа қою мен маневр жасауды жеңілдетеді және тұраққа қою кезінде зақымдануды болдырмауға көмектеседі.