BMW i7
Алдыңғы бөліктің бірегей дизайны. Swarovski кристалдары бар BMW Iconic Glow фаралары және радиатор торының көмескі жарығы автокөлікке айрықша стиль жасайды.
Жаңа BMW i7 үлкен өлшемдеріне қарамастан, әсем сызықтары оған үйлесімді пропорциялар беріп, салон кеңдігін баса көрсетіп тұр. Хромдалған элемент Хофмайстер иіліміне құдды бағалы тас ретінде назар аудартады.
Жіңішке L-тәрізді жарықдиодты артқы шамдар және әсем хромдалған жолақтар автокөлік енін айшықтаса, дизайндағы көк акценттер жетегінің инновациялық жүйесін меңзеп тұр.
Көпфункционалды BMW Interaction Bar басқару тақтасы бүкіл аспаптар тақтасының бойымен көлденең жатыр. Мультимедиалық мүмкіндіктер диагоналі 14,9” BMW Curved Display иілген дисплейін толықтырады.
Салонның артқы бөлігіндегі диагоналі 31,3” BMW Theatre Screen дисплейі, ыңғайлы орындықтар және есіктерге орнатылған динамиктер кез келген сапарда кинотеатр атмосферасын жасайды.
Бұл төбе салонды күндіз жарықпен толтырады, ал серпімді жарық әсерлерінің арқасында түнде керемет атмосфераны құрады.
Денеңізді босаңсытып, ләззат алыңыз. Executive Lounge орындықтары артқы жақтағы жолаушыларды жоғары жайлылықпен қамтамасыз етеді және аяқтарға арналған тіректермен жасақталған.
Артқы есіктерге кербез етіп интеграцияланған, диагоналі 5,5” екі есік 31,3” дисплейлі BMW Theatre Screen ақпараттық ойын-сауық жүйесін, автоматты климат-контрольді, орындық баптауларын және басқа функцияларды ыңғайлы басқаруға мүмкіндік береді.
Bowers & Wilkins Diamond Surround Sound аудиожүйесінің құрамына кіретін 39 төмен жиілікті және орта жиілікті динамик, сабвуфер және дірілэлементтер фантастикалық ойнату сапасымен қамтамасыз ете отырып, қуаты 1965 Вт болатын 4D-дыбыс әсерін жасайды.
Жаңа BMW i7 жүргізуден ләззат алудың жаңа дәуірін ашады:
• 544 а.к. қуаты жолда сенімділік сезімін береді
• 745 Нм* дейінгі айналу сәті максималды серпінді үдеумен қамтамасыз етеді
• Небәрі 4,7 с ішінде 0–100 км/сағ үдеу
• Инновациялық eDrive жетегі тұжырымының арқасында толықтай тыныштық және зиянды шығарындыларсыз
Жаңа BMW i7-де әсерлі қозғалыс динамикасын сезініңіз:
• Электртартымдағы 625 км жүріс қоры күнделікті сапарларда кез келген межеге еш қиындықсыз жетуге мүмкіндік береді
• Тежеу энергиясының рекуперациясы сияқты технологияларының арқасында небәрі 19,6–18,4 кВтч/100 км* болатын электр энергиясын төмен тұтыну
• Жеңілдетілген конструкция мен аэродинамикалық дизайнның арқасында максималды тиімділік
BMW ConnectedDrive Upgrades сізге автокөлікті сатып алғаннан кейін дүкеннен, мысалы Professional тұрақ көмекшісі сияқты ConnectedDrive қосымша функцияларын оңай тапсырыс беруге мүмкіндік береді.
BMW Remote Software Upgrade сізге 7-ші сериялы BMW бағдарламалық құралын әрқашан ең актуалды күйде ұстауға мүмкіндік береді. Осының арқасында жаңартуларды ауа арқылы алып, жаңа функцяларды пайдалана аласыз.
Смартфоныңызды жаңа BMW i7-ны ашатын және оталдыратын автокөлік кілтіне айналдырыңыз. Авткөлікті пайдалану құқығын жалы бес адамға бере аласыз.