BMW 8 серия Gran Coupe
BMW Iconic Glow* радиатор торы 8-сериялы BMW Gran Coupe-нің алдыңғы бөлігіне жарқын айшық беріп тұрады. Инновациялық жарықдиодты жарықтандыру, мысалы, қозғалыс кезінде немесе автокөліктің құлпын ашқан және жапқан кезде әсерлі жарық сценарийлерін жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Қара түсті Jet Black айқыштары бар 20 дюймдік жеңіл қорытпалы M Double-spoke 895 M дискілері автокөліктің бейнесін әсерлендіріп толықтырады. Бұл жонылған дискілер әртүрлі өлшемді Ultra High Performance шиналарымен жабдықталады.
Электржетегі бар панорамалық әйнек төбе автокөліктің динамикалық дизайнына мінсіз кіріге отырып, жарыққа толы атмосфера қалыптастырады және бұрынғыдан да салтанатты кеңістік сезімін тудырады.
Көп функциялы орындықтар реттеудің ауқымды мүмкіндіктерімен ерекшеленеді және бұрылыстардан қарқынмен өткен кезде тамаша бүйірлік таянышты қамтамасыз етіп қана қоймай, алыс қашықтықтарға жүрген кезде жоғары жайлылық деңгейін береді.
Қуаты 1400 Ваттық Bowers & Wilkins Diamond Surround Sound аудиожүйесі жүргізуші мен автокөліктің барлық жолаушыларына ләззат сыйлайтын дыбыстың аса жоғары сапасын қамтамасыз етеді.
Селектордың, iDrive контроллерінің тұтқасы және Start/Stop түймесі Crafted Clarity әрлемесімен безендірілген. Хрусталь әйнектен қолмен жасалған сәндік элементтер салонға таңдамалы айшықтар қосады, сондай-ақ керемет күшті тактильді сезімдер сыйлайды.
BMW TwinPower Turbo технологиясы қолданылған тиімді алты цилиндрлі бензинді және дизельді қозғалтқыштары жаңа 8-ші сериялы BMW Gran Coupe үшін қолжетімді, ал BMW M850i xDrive модификациясы қуаты 530 а.к. құрайтын сегіз цилиндрлі BMW M TwinPower Turbo бензинді қозғалтқышымен жабдықталған.
Бейімделетін М аспасы қозғалыс жағдайларын есепке ала отырып амортизаторлардың баптауларын реттеуге мүмкіндік береді және жоғары жайлылық деңгейін қамтамасыз етіп, автокөліктің динамикалық сипаттамаларын жақсартады.
Интегралды белсенді рульмен басқару төмен жылдамдықта жүрген кезде жақсартылған маневрлілікті және басқарымдылықты қамтамасыз етеді, сондай-ақ жоғары жылдамдықтарда тұрақтылықты арттырады.
12,3 дюймге дейін ұлғайтылған басқару дисплейі бар BMW Live Cockpit Professional.
BMW Live Cockpit Professional өзіне BMW Intelligent Personal Assistant-ты және BMW проекциялық дисплейін біріктіреді.
Professional жүргізу көмекшісінің функцияларының жинағына Stop & Go функциясы бар белсенді круиз-контроль, бағдаршамды тану, сондай-ақ рульмен басқару көмегі және қозғалыс жолағына ұстап отыру кіреді.