BMW 5 серия
Iconic Glow жарықтандыруы бар BMW радиатор торы автокөлікке ерекше көрініс береді - әсіресе қараңғы уақытта. Ақ жарықтандыру оның контурларын статикада да, қозғалыста да баса көрсетеді.
Қауіпсіздік мақсатында динамикалық жарық жолы автокөлікке отыру және одан шығу кезінде есіктердің алдындағы жерді жарықтандырады, сонымен қатар автокөлік иесін жарық анимациялармен қарсы алады.
Интерактивті тақтайша әрбір My Mode режимін бірегей стильде көркем етеді, осылайша жеке визуалды әсерді қамтамасыз етеді және сіздің көңіл-күйіңізге сәйкес келетін ерекше эмоционалды жарықтандыру атмосферасын жасайды.
Қарқынды, теңдестірілген дыбыс қатты әсер қалдырады. 12 динамик пен қуаты 205 Вт күшейткіші бар Hi-Fi Harman Kardon аудио жүйесі автокөліктің барлық жерлерінде керемет естіледі.
Professional жүргізуші көмекшісі Сіздің автокөлігіңізді қозғалыстың жолақ шегінде және 210 км/сағ дейінгі қауіпсіз қашықтықта сенімді түрде ұстайды. Бұл айтарлықтай артықшылық болып табылады, әсіресе қарқынды қозғалыс жағдайында. Төтенше жағдайда сіздің BMW толық тоқтағанға дейін тежеуді автоматты орындайды, содан кейін қозғалысты өздігінен жалғастырады.
Тұраққа қою кезінде Сізге автокөлікті басқарудың қажеті жоқ. Professional тұраққа қою көмекшісі сіздің BMW тұраққа автоматты түрде қояды және оны тұрақ орнынан шығарады. Ол үшін ұзындығы 200 метрге дейін маневр жасап, оны жадында сақтау жеткілікті болады.
BMW Live Cockpit Professional ең маңызды ақпаратты тікелей Сіздің көз алдыңызда көрсететін болады, бұл жолдан алаңдамауға мүмкіндік береді. Толықтырылған шынайылық технологиясы Сізге навигацияны жеңілдететін графика көмегімен көмектеседі.