BMW X5 M
Алдыңғы бөлігіндегі жіңішке жарық-диодты фаралар мен бағыттауыш түріндегі күндізгі жүріс шамдар ширақтық акцент жасап тұрады. Радиатордың ламель торлары және үлкен, дәл құрамдастырылған панельдер автомобильдің жалпақтығын көрсетіп тұрады.
Қара түсті М ауа өткізгіштері, "Жылтыр қара" түсті арт жақты көруге арналған сыртқы айналардың қақпақтары және де қара түсті "Х5 М" логотипі сияқты бөлшектердің арқасында бүйір жақ көрінісі әсіресе спорттық әсер қалдырады.
BMW M үшін тән спойлер мен айқындалған артқы бампер автомобильге спорттық түр беріп тұрады. Түтікшелері шанақ бүйірлеріне алшақ орналастырылған газ шығару жүйесі М үшін тән дизайн элементі болып табылады.
BMW Curved Display иілген дисплейі салонға заманауи керемет көрініс беріп тұрады. М моделіне тән индикация ең күрделі қозғалыс жағдайында да барлық ақпаратты тез және сенімді оқуға мүмкіндік береді.
Алдыңғы жолаушы жағында орналасқан "М" логотипі бар жарық жолағы әрқашан өзіне назар аудартады. Ол фондық жарықтандырғышпен жабдықталған және қараңғы кезде автомобильдегі ширақтық және жоғары технологиялылық атмосферасын айқындап тұрады.
М селекторының иінтірегі ерекше М орындалуымен және керемет қолдану ыңғайлылығымен ерекшеленеді. Оның қызыл дизайн элементтері ерекше спорттық эффект береді.
8-цилиндрлі V-тәріздес M TwinPower Turbo бензинді қозғалтқыш жоғары өндіргіштігімен ерекшеленеді және қуаттылық пен спорттық дыбыстың сенімді жиынтығымен таң қалдырады.
Drivelogic функциясы бар 8-сатылы M Steptronic спорттық АБАҚ көптеген қайта қосу алгоритмдерімен ерекшеленеді: қол сонымен бірге автоматты режимде де максималды ширақтықтан жайлылыққа дейін.
М белсенді дифференциалы бар M xDrive толық жетек жүйесі жол бетімен максималды ілінісуді және күнделікті қолдануда болса да, жарыс тректерінде де жоғары ширақтықты кепілдендіреді.
BMW проекциялық дисплейі қозғалыс кезіндегі маңызды ақпаратты - мысалы, жылдамдық немесе навигациялық жүйе көрсеткіштерін - тікелей Сіздің көру аумағыңызда көрсетеді.
M ерекше аспаптар панелі SPORT және TRACK режимдерінде қозғалыс мәліметтерінің тек дәл және айқын көрсетілуін қамтамасыз етеді.
Ең маңыздының барлығы көз алдыңызда: BMW Live Cockpit Professional иілген дисплейде де, сондай-ақ проекциялы дисплейде де қозғалыс туралы ақпаратты тікелей Сіздің көру аумағыңызда көрсетеді.
Professional жүргізу ассистенті өзінің қауіпсіздік пен жайлылықты қамтамасыз ететін көптеген көмек жүйелері арқылы ең қажет болған кезде қолдау көрсетеді.
Professional қаңтару ассистенті сіздің BMW-ңызды өздігінен қаңтара алады, және Сіз рульге отырмасаңыз да болады.Сізге тек бір рет маневрді жүйе жадында сақтап қою керек.